Accessibility links

Макрон Путинмен кездесуде "талапшыл" болатынын мәлімдеді


Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ресей президенті Владимир Путин.
Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ресей президенті Владимир Путин.

Францияның жаңа президенті Эммануэль Макрон 29 мамырда Версаль сарайында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде "талапшыл" болатынын мәлімдеді.

7 мамырда көпшілік дауыспен Франция президенті болып сайланған Макрон Ресеймен "бірқатар халықаралық мәселелер бойынша" келіссөз жүргізу қажеттігін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл мәселелер Ресеймен диалогсыз шешілмейді. Екі ел басшылары Мәскеудің Франциядағы президент сайлауына "килікпек болғанын", Ресейдің Сириядағы азаматтық соғыста президент Башар Асадқа қолдау көрсетуін және Украинаның ішкі саясатына килігуін талқылайды деген жоспар бар.

Макрон бұрынғы король сарайында өтетін кездесуді Ресей патшасы Ұлы Петрге арналған көрменің ашылатын уақытына белгіледі. "Мен Ресеймен пікір алмасуда талапшыл боламын" деп мәлімдеді Макрон 27 мамырда "Үлкен жетілік" елдерінің басшылары Украинадағы жағдай жақсармаса Мәскеуге қарсы жаңа шаралар қабылдауға келіскен соң.

Батыс елдері Мәскеу 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін Ресейге қарсы санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG