Өзбекстанның зияткерлік меншік агенттігі елге әкелуге, таратуға тыйым салынатын компьютер ойындарының тізімін жариялады. Тізімді арнайы сараптамалық комиссия бекіткен. Тізімге барлығы 34 ойын: Postal 2, Phantasmagoria, Grand Theft Auto, San Andreas, Carmageddon, Mass effect, Dead space, Naughty bear, Mafia II, Call of duty: Black ops, Kane and Leanch 2: Dog days, Castlevania: Lords of Shadow, Dead Rising, Manhunt, Mortal Kombat X, Dead by Daylight, Bone Town, Shadow Warrior және басқа да ойындар енгізілген.
Өзбекстанда лицензия беру туралы келісімнің үшінші тармағына сәйкес, "зорлық-зомбылықты, порнографияны, елдің қоғамдық-саяси қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, Өзбекстан жайлы дәйексіз ақпарат тарататын, елдің мәдени және рухани құндылықтарына кедергі келтіретін" компьютер бағдарламаларына тыйым салынады.