Accessibility links

Алматыдағы трамвай жолдары бұзылмақ


Алматыдағы трамвай депосы (Көрнекі сурет).
Алматыдағы трамвай депосы (Көрнекі сурет).

Алматы басшылығы қаладағы "18 көше қиылысында трамвай рельстерін бұзу жұмыстарын" бастау жоспарын хабарлады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, "жолдағы көлік ағынын арттыратын" жұмыстар келесі айда басталады. Алматыда трамвай қозғалысы 2015 жылы күзде, трамвай қатысқан екі жол апатынан соң тоқтатылған. Алматы тұрғындары интернетте қалада трамвайды қолдап қол жинаған. Трамвай қызметін тоқтатуды сынайтындар трамвай қаладағы трамвай депосы орналасқан төрт гектар жерді иелену қажет болғандықтан тоқтатылған болуы мүмкін дейді. Өткен аптада экология белсенділері қала әкімі Бауыржан Байбекке "қала экологиясын, сәулеті мен тарихын жоюға сіңірген еңбегі" үшін грамота тапсырған.

Әкімдіктің хабарлауынша, Шевченко, Қонаев және Өтепов көшелерінде жеті жарым километрге жететін трамвай рельстері алынып, ол жерлерде жол жиектерін, канал, автобустар тоқтайтын орын және велосипедке арналған жолақ салу жоспарланған. Сонымен қатар Торайғыров және Каблукова көшелерінде велосипедке арналған 3,7 милометрлік жол салу да жоспарланып отыр.

Қазірге дейін жоспарлы 250 мың шаршы метр аумаққа салынатын жол төсемінің 50 мың шаршы метріне жол төсемі салынған. Жөндеу және құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 9,5 миллиард теңге (шамамен 30 миллион доллар) бөлінген.

ВИДЕО: Экология белсенділерінің Алматы әкіміне жолдаған "сыйлығы" (26.05.2017)

Белсенділер әкімге «сыйлық» жолдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:46 0:00

XS
SM
MD
LG