Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында қатты желден ондаған үй жарықсыз қалды


Оралдың орталығындағы қатты желден құлаған ағаштар. 29 мамыр 2017 жыл.
Оралдың орталығындағы қатты желден құлаған ағаштар. 29 мамыр 2017 жыл.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, соңы нөсер жауынға ұласуынан Орал іргесіндегі Деркөл, Зашаған, Желаево және Мичурино ауылдарында электр сымдары үзіліп, ондаған үй жарықсыз қалды. 29 маусымға қараған түні болған дауылдан Орал қаласында да ондаған үй жарықтан ажырап қалды.

"Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы" қалалық филиалының бастығы Сергей Доляның Азаттыққа айтуынша, үзілген электр желілері мен сымдарын қайта жалғап, қосу жұмыстары ертең аяқталуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында 29 мамырға қараған түні дауылды ескерту жасалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдің жылдамдығы секіндына 22 метрге дейін жеткен. Желден Оралда ондаған ағаш құлаған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG