Accessibility links

Ресей өзінің алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді


Ресейдің алғашқы MC-21-300 жолаушылар ұшағының сынақ кезінде әуеге көтерілген сәті. ИРкутск, 28 мамыр 2017 жыл.

Ресей орта қашықтыққа ұшуға арналған, MC-21-300 деп аталатын алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді. Ресейдің совет одағынан бері жасап шығарған алғашқы ұшағы 28 мамырда сынақ ретінде ұшырылды. MC-21-300 Батыс елдерінің ұшақтарына бәсекелес болуы әбден мүмкін.

Ұшақты құрастырған Irkut Corporation компаниясы мен оның бас компаниясы United Corporation 30 минутқа созылған сынақ туралы алдын ала хабарламады. Аталған компаниялар мамырдың басында ұшақты құрастырып болғандарын хабарлаған еді. Ұшақтың алғаш рет ұшырылғанына куә болғандар ол туралы әлеуметтік желілерде жазды. Кейін оны вице-премьер Дмитрий Рогозин Facebook-те растап, ұшақтың бірнеше суретін жариялады.

Бұдан бір ай бұрын Қытай Boeing және Airbus компанияларына бәсекелес өзінің C919 деп аталатын алғашқы жолаушылар ұшағын ұшырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG