Accessibility links

Путинцева Roland Garros турнирінің 2-айналымына өтті


Юлия Путинцева.
Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Roland Garros турнирінің екінші айналымына шықты. Ол бірінші айналымда франциялық Миртиль Жоржесті (204-ракетка) 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Путинцева екінші айналымда Наталья Вихлянцева (Ресей) мен Юханна Ларссон (Швеция) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Былтыр Юлия Путинцева осы жарыстың ширек финалына дейін жетіп, америкалық Серена Уильямстан жеңілген.

Биылғы Roland Garros жарысына тағы екі қазақстандық теннисші қатысып жатыр. Ярослава Шведова (45-ракетке) бірінші айналымда украиналық Елина Свитолинамен (6-ракетка) ойнайды.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин (85) бірінші айналымда әлемдік рейтингте 113-орында тұрған Теннис Сандгренді (АҚШ) 6:2, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға өтті.

Roland Garros - жүлде қоры ең көп Grand Slam турнирлерінің қатарына енетін жарыс.

XS
SM
MD
LG