Accessibility links

Таразда дауылдан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды


Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Таразда қатты жел салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды деп хабарлады Азаттыққа Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД).

ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 29 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында секундына 27 метр жылдамдықпен жел соққан. Дауыл 13-шағын ауданда құрылыс жүріп жатқан жекеменшік үйдің шатырын жауып жүрген екі адамды шатырымен қоса көтеріп, жерге ұшырып түсірген. Жерге құлаған екі адам - 1963 және 1994 жылы туған тұрғындар оқиға орнында жан тапсырған.

Соңғы мәлімет бойынша, дауылдан сонымен қатар Суханбаева көшесінде жеке меншік үйде 1986 және 1956 жылы туған екі адамның басып қалған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі ауруханаға жатқызылған, екіншісіне дәрігерлік көмек жасалып, үйіне қайтарылған. Сонымен қатар 2-шағын ауданда 2006 жылы туған балаға ағаш құлап, ауруханаға түскен.

Дауылдан ағаштар құлап, электр желілері мен сымдары үзілген. Салдарынан 200-ге тарта абонент жарықсыз қалған.

XS
SM
MD
LG