Accessibility links

Маккейн: Путин ИМ-нен де қауіпті


Джон Маккейн, америкалық сенатор.
Джон Маккейн, америкалық сенатор.

Америкалық сенатор, демократ Джон Маккейн Ресей президенті Владимир Путин әлемдік қауіпсіздікке "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымынан гөрі үлкен қауіп төндіретінін мәлімдеп, Мәскеудің АҚШ-тағы президент сайлауына килігу әрекетіне қатысты Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.

"Меніңше, ИМ жан түршігерлік нәрселер жасауы мүмкін және мен мұсылмандар сеніміне қатысты болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдаймын" деді Маккейн 29 мамырда Австралия телеарнасына берген сұхбатында. Ол сонымен қатар Путинді ИМ-нен де өткен "ең басты және қауіпті" қатер деп білетінін мәлімдеді. Сенатор Путинді "Украинаны бөлшектеп, Балтық бойы едеріне қысым көрсетіп отыр" деп айыптады.

Маккейн сенаттың қорғаныс істері жөніндегі комитетінің төрағасы және конгрестегі сыртқы саясат мәселелері бойынша ең маңызды адамдардың бірі саналады.

Маккейн Ресейдің АҚШ-тағы 2016 жылы болған сайлау нәтижесін өзгерткеніне дәлел жоғын, бірақ Кремль әлі де өзге елдердегі сайлауларға, оның ішінде таяуда Францияда өткен президент сайлауына ықпал етуге тырысқанын айтты. "Ресейді біз тап болған ең үлкен қатер деп санаймын. Сондықтан санкцияны күшейтуіміз керек" деді сенатор.

XS
SM
MD
LG