Accessibility links

Мәскеу: Молдованың Ресей дипломаттарын елден шығарғанына жауап беріледі


Григорий Карасин, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.
Григорий Карасин, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин Мәскеу Молдованың елден ресейлік бес дипломатты шығаруына Кишиневке "қатаң" жауап беретінін мәлімдеді.

"Әрине, жауап беріледі, ол өте қатаң болады" деді Карасин 29 мамырда. Кеше Кишинев ресейлік дипломаттарды "персона нон грата" деп жариялап, оларға үш тәулік ішінде елден кетуге талап қойған. "Бұл - ірі арандату, Молдовада Ресеймен екі жақты қарым-қатынастарды қалпына келтіріп, жақсартуды қолдайтын президент Игорь Додон бастаған күштерге соққы беру" деп мәлімдеді Карасин Мәскеуде ресейлік агенттіктерге берген комментариінде.

Дипломатиялық жанжал өткен жылдың соңында сайланған ресейшіл президент Игорь Додон мен еуропашыл үкімет арасында Молдованың бұрынғы депутаты Ресей елшілігінің қызметкеріне мемлекеттік құпияны әшкереледі деген ұйғарымға қатысты шиеленіс кезінде шығып отыр. Молдованың бұрынғы депутаты Юрий Болбочан наурызда өзінің Ресей елшілігінің әскери атташесі Александр Грудинмен кездескені туралы видео жариялаған соң тұтқындалып, мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталған.

XS
SM
MD
LG