Accessibility links

Құшақбаев "кінәсін" мойындап, процессуалдық келісімге өтініш білдірген


Құшақбаевтың адвокаттары оны сотқа шақыртуды сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

Құшақбаевтың адвокаттары оны сотқа шақыртуды сұрады.

Маңғыстаудағы Oil Construction Company (OCC) компаниясы жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев "кінәсін" мойындап, процессуалдық келісімге келу туралы өтініш жазған. Бұл туралы бүгін кәсіподақ белсендісінің ісіне қатысты адвокттар түсірген аппеляциялық шағымды қарау барысында белгілі болды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында өтті. Бір сағатқа созылған сотқа жәбірленушінің адвокаттары, туыстары және қоғамдық бақылаушылар қатысты. Шағымды судьялар - Асқаржан Кенжеғарин, Марат Солтыбаев және Алма Есімова қарады. Прокурор – Гүлмира Рымханова.

Адвокат Гүлнар Жуаспаеваның сөзінше, Нұрбек Құшақбаев "кінәсін мойындау және процессуалдық келісімге келу" туралы өтінішті сәуірдің 18-күні жазған. Алайда, ол өтініш осы күнге дейін қарауға алынбаған. Ал, адвокаттардың аппеляциялық шағымы 17 сәуірде жазылған. Адвокаттар сотта Нұрбек Құшақбаевтың осы өтінішін қарау жайында ұсыныстарын білдірді.

Прокурор қылмыстық кодекстің 615-бабына сәйкес, мұндай ұсынысты қарау негізсіз екенін айтты. Оның сөзінше, "айыпты мойындау және процессуалдық келісімге" тек тергеу амалдары жүріп жатқанда немесе сот барысында келуге болады.

Прокурор Гүлмира Рымханова Нұрбек Құшақбаевтың апелляциялық шағымын қарау сотында отыр. Астана, 30 мамыр 2017 жыл.
Прокурор Гүлмира Рымханова Нұрбек Құшақбаевтың апелляциялық шағымын қарау сотында отыр. Астана, 30 мамыр 2017 жыл.

Тараптарды тыңдап, 15 минутқа кеңесу үшін үзіліс жариялаған судьялар адвокаттарға сотталушымен бір мәмілеге келу қажеттігін айтты. Яғни, сот отырысында аппеляциялық шағым, я процессуалдық келісім қаралуы керек. Адвокаттар сот отырысына Нұрбек Құшақбаевты шақырып, оның пікірін білгісі келетіндерін білдірді. Олар қандай жағдайда да өз қорғауындағы азаматтың пікірімен келісетіндерін жеткізді.

Сот отырысына төрағалық жасаған судья Асқаржан Кенжеғарин сол жерде әріптестерімен ақылдасып, келесі отырыс маусымның 1-күні, сағат 10:00 де өтетінін мәлімдеді. Сотқа Нұрбек Құшақбаевтың өзі қатысады деген болжам бар.

Нұрбек Құшақбаевтың апелляциялық шағымын қараған судьялар: (солдан оңға) Марат Солтыбаев, Асқаржан Кенжеғарин және Алма Есімова. Астана, 30 мамыр 2017 жыл.
Нұрбек Құшақбаевтың апелляциялық шағымын қараған судьялар: (солдан оңға) Марат Солтыбаев, Асқаржан Кенжеғарин және Алма Есімова. Астана, 30 мамыр 2017 жыл.

OCC кәсіпорны жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы, 34 жастағы Нұрбек Құшақбаев қылмыстық кодекстің 402-бабы, 2-бөлігі ("заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға арандату»") бойынша айыпты деп танылған. 2017 жылы 7 сәуірде Астана қаласының Алматы аудандық 2-соты оны екі жарым жылға соттаған.

ВИДЕО: Нұрбек Құшақбаевқа оқылған сот үкімі (07.04.2017)

Нұрбек Құшақбаевты 2,5 жылға соттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

XS
SM
MD
LG