Accessibility links

Мәскеуде Усманов - Навальный соты өтіп жатыр


Ресейлік миллиардер Алишер Усманов (сол жақта) пен оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.
Ресейлік миллиардер Алишер Усманов (сол жақта) пен оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.

30 мамырда Мәскеудің Люблино аудандық сотында миллиардер Алишер Усмановтың ресейлік оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйдың үстінен түсірген шағымы қарала бастады. Усманов шағымын Навальный басқаратын "Коррупциямен күрес қорының" (ККҚ) өзін "пара берді" деп айыптаған есебіне қатысты түсірген.

Навальныйдың адвокаты Иван Жданов соттан іске куәгер ретінде Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевті шақыртуды сұраған. Жданов Усмановтың шағым түсіруіне оның Медведевпен бір курста оқыған Илья Елисеевтің "Соцгоспроект" қорына жер телімін бергені туралы сюжет себеп болды дейді.

Навальныйдың қорғаушысы іс бойынша өндірісті тоқтатуға өтініш берген, бірақ судья одан бас тартты. Судья бұған қоса Навальный мен Усмановтың адвокаттары бірдей сұрағанына қарамастан сот залынан видеоға түсіруге де тыйым салды.

Усманов пен Навальный бұған дейін бірін-бірі айыптайтын үндеу жариялап, Мәскеу сотының жала жабу ісі бойынша бітімге келу ұсынысын қабылдамаған.

XS
SM
MD
LG