Accessibility links

Ұйым: Экстремизм және терроризм айыбымен сотталғандар көбейді


Қазақстан түрмелеріндегі экстремизмге қарсы тұру және тұтқындардың радикалдануы мәселелері бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар. Астана, 29 мамыр 2017 жыл. (Сурет PRI ұйымынан алынды). Астана, 29 мая 2017 года. Фото PRI

Қазақстанда экстремизм және терроризм айыбы бойынша сотталғандар саны артып барады. Бұл туралы Орталық Азиядағы "Халықаралық түрме реформасы" (Penal Reform International - PRI) ұйымының тұтқындардың радикалдану мәселелері туралы зерттеуінде айтылады. Ұйымның 30 мамырда Астанада таныстырған есебінде 2014 жылы Қазақстанда экстремистік және террористік баптар бойынша 154 адам, 2016 жылы 554 адам сотталғаны айтылады. Өткен жылы сотталған 554 адамның 327-сіне экстремизм айыбы тағылған.

- Экстремистердің басым көпшілігі - жұмыссыздар, ал шенеуніктер, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер мүлдем жоқ деуге болады, саусақпен санарлық. Бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамытып, оның тиімділігін арттыру керек екенін білдіреді, - деді ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов.

PRI зерттеуі аясында түрмелерде 200-ден астам тұтқын және терроризм мен экстремизм айыбы бойынша сотталғандармен байланыс орнататын адам сауалнамаға тартылған. Ұйымның аймақтық директоры Азамат Шамбиловтың сөзінше, қазір Қазақстан түрмелерінде үш жарым мыңнан астам дін ұстанушы бар. Олардың 763-і "салафизмді" ұстанады, ал 90-нан астамы радикалдық ұстанымын өзгертпеген.

- Бұл 90, бәлкім жүзге тарта адам өздерінің дүниетанымын өзгертуге тіпті де талпынбайды деген сөз. Бірақ қанша адамның реабилитацияланғаны, радикалды ойлардан, я идеологиядан бас тартқанын бағамдау өте қиын, себебі оны бағалайтын нақты көрсеткіштері, классификаторлары жоқ, - дейді Азамат Шамбилов.

Оның сөзінше, Қазақстандағы радикализмнің алдын алу жөніндегі барлық мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіз екені белгілі болды. Себебі олар тек теологиялық немесе діни жұмыстар атқаруға негізделген және психологиялық көмек көрсету жағы қарастырылмаған.

PRI зерттеуінде Қазақстанда біліктілігі жоғары және тәжірибелі, қоғамда радикалдық діни идеялардың одан ары таралуына қарсы тұра алатын дін қызметкерлеріне деген сұраныс жоғары болып отырғаны айтылады. Ұйым мәселені шешу жолы ретінде Нидерландыдағыдай арнайы түрме имамдарын даярлауды ұсынады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00
XS
SM
MD
LG