Accessibility links

Германияда "шабуыл жасауды жоспарлаған" сириялық ұсталды


Берлин полициясы (Көрнекі сурет).
Берлин полициясы (Көрнекі сурет).

Германия билігі Берлинде жанкештінің шабуыл жасауын жоспарлады деген күдікпен Сирияның 17 жастағы азаматы ұсталғанын хабарлады. Күдікті Берлиндегі аудандардың бірінде ұсталған.

Полицияның мәліметінше, күдікті Германияға 2015 жылы барған және босқын мәртебесін сұраушы ретінде тіркелген. Ол 2016 жылдан бері кәмелетке толмаған босқындарға арналған орталықта тұрған. Күдіктінің шабуылды қалай жоспарлағаны әзірге айтылмайды.

2016 жылы желтоқсанда Берлиндегі жаңа жылдық базарда Тунис азаматы Анис Амри жүк көлігімен 12 адамды таптап өткен. Оны полиция Италияда атып өлтірген. Бұл шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG