Accessibility links

АҚШ Сириядағы күрдтерге қару жеткізе бастады


АҚШ әскерилері мен әскери техникаларының жанында тұрған Сирия күрдтерінің Халықтық өзін-өзі қорғау отряды сарбаздары. Сирия, сәуір 2017 жыл.
АҚШ әскерилері мен әскери техникаларының жанында тұрған Сирия күрдтерінің Халықтық өзін-өзі қорғау отряды сарбаздары. Сирия, сәуір 2017 жыл.

АҚШ билігі Сириядағы күрд жасақтарына қару-жарақ жеткізе бастағанын мәлімдеді.

Пентагон өкілі майор Адриан Ранкин-Галлоуэйдің сөзінше, Вашингтон "Ислам мемлекеті (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан сириялық күрдтердің араб альянсына "шағын калибрлі қару-жарақ пен әскери көліктер" жеткізе бастады. Ресми Анкара әзірге бұл ақпаратқа қатысты реакция білдірген жоқ.

Түркия сириялық күрдтердің "Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын" елде тыйым салынған "Күрдістан жұмысшы партиясымен" байланысы бар террористік ұйым деп таниды. Вашингтон "күрдтерге қару-жарақ ИМ-нің Сириядағы соңғы тірегі Ракка қаласын қайтарып алу үшін қажет" дейді. АҚШ пен Еуропа Одағы да Түркияда ондаған жыл астыртын жұмыс істейтін "Күрдістан жұмысшы партиясын" террористік ұйым деп таниды.

XS
SM
MD
LG