Accessibility links

АҚШ баллистикалық зымыранды қағып түсіретін жүйесін сынады


Калифорниядағы Ванденберг әуе базасынан зымыран ұшырылған сәт, АҚШ (Көрнекі сурет)
Калифорниядағы Ванденберг әуе базасынан зымыран ұшырылған сәт, АҚШ (Көрнекі сурет)

АҚШ билігі құрлықаралық баллистикалық зымырандарды қағып түсіретін зымыраннан қорғаныс жүйесін сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеді. АҚШ әскери басшылығының мәлімдемесінде құрлықта тұрып әрекет ететін зымыраннан қорғаныс жүйесі "бірінші рет сыналып отырғаны" айтылады.

Сынақ Солтүстік Корея ядролық және зымыран бағдарламасын жүзеге асыруды күшейтіп жатқан тұста жасалып отыр. АҚШ билігінің хабарлауынша, сынақ кезінде Тынық мұхитының Маршалл аралдарындағы полигоннан құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылып, оны Калифорниядағы Ванденберг әуе базасынан ұшырылған зымыран қағып түсірген.

XS
SM
MD
LG