Accessibility links

Ресей Сириядағы ИМ шептерін зымыранмен атқылады


Жерорта теңізіндегі Ресейдің әскери кемесінен "Калибр" зымыранын ату сәті (Көрнекі сурет).
Жерорта теңізіндегі Ресейдің әскери кемесінен "Калибр" зымыранын ату сәті (Көрнекі сурет).

Жерорта теңізінде орналасқан Ресейдің "Краснодар" сүңгуір қайығы мен "Адмирал Эссен" кемесінен Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының шептеріне төрт қанатты зымыран атылды деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

Ресми мәлімет бойынша, зымырандар Пальмира маңындағы ИМ-нің ауыр әскери техникалары мен содырлары шоғырланған нысандарын дәлдеп атылған.

Қорғаныс министрлігі АҚШ, Түркия мен Израль зымыраннан соққы жасалатыны туралы уақтылы ескертілгенін айтады.

Ресей 2015 жылы желтоқсанда Сириядағы ИМ шептерін "Калибр" қанатты зымыранмен атқылаған.

XS
SM
MD
LG