Accessibility links

Шымкентте наркологиялық диспансерде өрт болып, 20 адам көшірілді


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облыстық наркологиялық диспансердің ғимаратынан өрт шығып, 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің маманы Зарипа Тұрысбекованың айтуынша, "Сәуле" шағынауданында орналасқан облыстық наркологиялық диспансерінің жеке тұрған екі қабатты әкімшілік ғимаратының шатырынан өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті сағат 12:36-да толық сөндірді.

Жалпы өрттің көлемі 150 шаршы метр. Сол жерде жұмыс істейтін жиырма адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі әлі нақтыланбады. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді маман.

ТЖД өкілі өрт шыққан аумақ облыстық наркологиялық диспансерге қарағанымен, ғимараттың екінші қабатында облыстық психоневрологиялық диспансерінің архив құжаттары сақталынғанын айтады.

XS
SM
MD
LG