Accessibility links

Қырғызстанда сайлауға тәуелсіз бақылау жасайтындардың құқығын шектемек


Қырғызстан парламентінің отырысы, Бішкек (Көрнекі сурет).
Қырғызстан парламентінің отырысы, Бішкек (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламентінің депутаттары үкіметтік емес ұйымдар "сайлауға мониторинг жасайтын тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын шектейді" деген заң жобасын талқылап жатыр.

Депутаттар 31 мамырда үшінші әрі соңғы оқылымы алдында талқылаған заң жобасы тәуелсіз бақылаушылардың сайлау комиссияларының сессияларына қатысуын шектеп, оларға сайлау комиссияларының шешіміне қарсы сотқа шағымдануына тыйым салу қарастырылған. Мұндай құқықтар тек саяси партиялар мен кандидаттардың бақылаушыларына берілмек.

Үкіметтік емес ұйымдардың он шақты белсендісі 30 мамырда парламент алдында наразылық танытып, депутаттардан заң жобасын қабылдамауды талап етті. Жобаға қарсылар тәуелсіз бақылаушылар сайлау процесіне толыққанды қатысу құқығын иеленіп, сайлау комиссияларының шешіміне шағымдана алуы тиіс дейді.

Депутаттар заң жобасын мақұлдап, президент Алмазбек Атамбаев оған қол қояды деген болжам бар.

Қырғызстанда 15 қазанда президент сайлауы өтеді деп жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG