Accessibility links

Ақтаулық белсенділер саяси репрессия құрбандарын еске алды


"Саяси қуғын-сүргін құрбандарына" деген тақтайшасы бар тасқа гүл қойып жатқан адамдар
Ақтау, 31 мамыр 2017 жыл.
"Саяси қуғын-сүргін құрбандарына" деген тақтайшасы бар тасқа гүл қойып жатқан адамдар Ақтау, 31 мамыр 2017 жыл.

Ақтауда бір топ азаматтық белсенділер мен кей қала тұрғындары 14-шағынаудандағы тұрғын үйлер арасында "Саяси қуғын- сүргін құрбандарына" деген тақтайша жапсырылған елеусіздеу тас маңына жиналды. Олар тасқа гүл шоқтарын қойып, қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап құран бағыштады.

Азаматтық белсенді Нүрияш Әбдірейімованың айтуынша, қалада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған басқа ескерткіш болмағандықтан осы шағын тастың маңына жиналудан басқа амал қалмаған

Ресми дерекке сәйкес, Маңғыстаудан 720 адам реперссияға ұшыраған. Ақтауда қоғам қайраткерлері Жалау Мыңбаев, Тобанияз Алниязұлына қойылған ескерткіштер бар.

31 мамыр - Қазақстанда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бүгін осы атаулы күнге орай Алматы, Астана, Шымкент қалаларында да ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Алматыда бұрынғы НКВД (кейін КГБ) ғимаратының жанындағы саябақта ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

Ашаршылық тарихын зерттеуші кей мамандардың деректері бойынша, 1931-1933 жылдары қазақ даласында болған ашаршылық салдарынан екі миллионға дейін адам құрбан болған. Тарихшылардың мәліметінше, Қазақстанда сталиндік репрессия жылдарында кем дегенде 22 мың адам атылды. Кейбір есеп бойынша, Қазақстандағы лагерлерге бес миллионға тарта совет азаматтары жер аударылды.

XS
SM
MD
LG