Accessibility links

Ресей Қара теңізге құлаған ұшақ апатының ықтимал себебін атады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Ресей қорғаныс министрлігі 2016 жылы Қара теңізге құлаған ресейлік Ту-154 ұшағы апатына ұшқыш қателігі себеп болуы ықтимал деп санайтынын" хабарлады ТАСС агенттігі. Ұшақ апатының себебін зерттеген қорғаныс министрлігінің комиссия мүшелері осындай қорытындыға келген. Олардың пікірінше, ұшқыш "кеңістіктегі бағдарын жоғалтып" алғандықтан ұшақ апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

Агенттіктің хабарлауынша, құрамына қорғаныс министрлігі, көлік агенттігі және ұшақты шығарған компания өкілдері енген комиссия ұшақ апаты қауіпсіздік ережелері талаптарын бұзудан немесе сыртқы факторлар әсерінен болмаған деген тұжырым жасаған.

2016 жылғы желтоқсанның 25-і күні Ресей қарулы күштерінің Ту-154 ұшағы Сочи әуежайынан Сирияға ұшып шыққан соң бір минуттан кейін Қара теңізге құлаған. Апаттан ұшақтағы 92 адамның барлығы мерт болған. Олардың арасында Сириядағы "Хмеймим" әуе базасындағы Ресей әуе-ғарыш күштері тобын жаңа жыл мерекесімен құттықтауға бара жатқан Александров атындағы ән-би әскери ансамблі мүшелері, ресейлік журналистер және "Әділетті көмек" қорының жетекшісі, танымал дәрігер Елизавета Глинка да болған.

Бұған дейін Ресей билігі "ұшақ бортында жарылыс болғанын дәлелдейтін айғақ жоқ" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG