Accessibility links

CNN "Трамптың кесілген басын" көрсеткен жүргізушімен келісімін үзді


Кэти Гриффин.
Кэти Гриффин.

Америкалық әзіл-сқақ шоу-бағдарламасының танымал жүргізушісі Кэти Гриффин АҚШ президенті Дональд Трамптың кесілген басын бейнелейтін видео жариялағаннан кейін CNN телекомпаниясы онымен келісімін үзді. Гриффин сейсенбі күні жариялаған видеоны «жиіркенішті және адамды қорлайтын» деп атаған CNN телекомпаниясы Гриффинді биыл жаңа жыл қарсаңында Нью-Йоркке Таймс-скверге шақырмайтыны туралы сәрсенбіде мәлімдеме таратқан. Гриффин 2007 жылдан бері телекомпания жүргізушісі Андерсон Купермен бірге жыл сайын арнайы шоу-бағдарлама жүргізетін.

Бұған қоса шілденің 22-і күні Нью-Мексико штатындағы казинода Гриффин сөз сөйлемекші болған шараға да жүргізушінің қатыспайтыны туралы хабарланды. Юта штатындағы тұрмыстық заттар шығаратын компания басшысы Гриффиннің қатысуымен өтеді деп жоспарланған жарнамалық шара тоқтатылатыны туралы мәлімдеген.

Гриффиннің видеосына байланысты сәрсенбіде Twitter әлеуметтік желісіндегі жариялаған жазбасында президент Трамп жүргізуші бұл қылығы үшін «ұялуы тиіс» деп санайтынын білдірген. «Балаларыма, әсіресе 11 жасар ұлым Барронға жайсыз тиді» деп жазған Трамп Гриффинді «Дені сау емес!» деп сипаттаған. Президенттің зайыбы Мелания Трамп «мұндай фотосуреттерді жасаған адамның психикалық денсаулығының жайы ойландырады» деп мәлімдеген.

Өзінің әзіл-сқақтарымен танымал Кэти Гриффин сейсенбі күні оғаш видео жариялағаны үшін жұртшылықтан кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG