Accessibility links

Құқық қорғаушылар: Алматыда белсенді Дильнар Инсенова ұсталды


Дильнар Инсенова, азаматтық белсенді.

Алматыда полиция азамттық белсенді Дильнар Инсенованы бұры қозғалып, тоқтатылған іс бойынша тұтқындады деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Қазақстандық адам құқығы бюросының ақпаратына қарағанда, полиция Инсенованы 31 мамыр күні кешке ұстап, 2015 жылы қозғалған "озбырлық таныту" туралы іс бойынша үш тәулікке қамаған. 2015 жылы тергеуден соң тергеушілер белсендінің іс-әрекетінен қылмыс құрамын таппағандықтан тоқтатылған болатын. Азаттық белсендінің ұсталғанына қатысты полициядан комментарий ала аламады. Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі телефон қоңырауына жауап бермеді.

Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, Инсенованы уақытша қамау изоляторына жапқан, адвокатының пікірінше, оны қамауға алуы мүмкін. Белсенділер бүгін Facebook-те оны кепілге босатып алу үшін қаржы жинай бастағанын хабарлады.

Тұрғындарды дәрігерлік-әлеуметтік қорғау қорының жетекшісі әрі Құқық қорғаушыларды қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша коалицияның мүшесі Дильнар Инсенова ипотекаға үй алып, қарызын төлей алмай жүрген азаматтардың акцияларына қатысып белгілі болған. 2015 жылы қазанда оған Ұлттық банк алдында рұқсат берілмеген наразылық акциясын ұйымдастырды деген айыппен айыппұл салынған.

Бюро Инсенованы 23 мамырда өз үйінен полицияға ұстап әкетіп, 2015 жылы тоқтатылған қылмыстық іс бойынша оған "топ болып озбырлық жасау" ісі бойынша басты айыпталушы деген мәртебе берілгенін хабарлаған дейді.

Инсенова айыпты деп танылса, екі жылдан жеті жылға дейін сотталу қаупі туады. Биыл сәуірде белсендіні Алматы қаласы әкімінің халықпен есеп беру кездесуіне қатыспақ болғанында полиция ұстап әкетіп, кездесу аяқталған соң босатып қоя берген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG