Accessibility links

Апелляциялық сот Құшақбаевтың үкімін өзгертпеді


Нұрбек Құшақбаев (ортада) адвокаттары Гүлнәр Жуаспаева және Төлеген Шаиковпен сөйлесіп тұр. Астана, 1 маусым 2017 жыл.
Нұрбек Құшақбаев (ортада) адвокаттары Гүлнәр Жуаспаева және Төлеген Шаиковпен сөйлесіп тұр. Астана, 1 маусым 2017 жыл.

Астана сотының апелляциялық алқасы Маңғыстаудағы Oil Construction Company (OCC) компаниясы жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевтың жазасын өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

1 маусымда өткен сотта Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының апелляциялық алқасы Құшақбаевтың апелляциялық шағымын қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты. Апелляциялық сот шешімін оқыған судья Алма Есімова Құшақбаевтың "кінәні мойындап", процессуалдық келісімге келу туралы өтініші қаралмайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл өтінішті қарау үшін алғашқы сот үкімі бұзылуы тиіс.

Құшақбаевтың адвокаты Төлеген Шаиков Азаттыққа Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіретінін айтты.

Құшақбаевтың апелляциялық шағымы бойынша алғашқы сот 30 мамырда өткен. Сол күні адвокат Гүлнәр Жуаспаева Құшақбаевтың 18 сәуір күні процессуалдық келісімге келу туралы өтініш жазғанын хабарлаған. Ал апелляциялық шағымды адвокаттар 17 сәуірде түсірген.

30 мамырдағы сотта прокурор Гүлмира Рымханова "айыпты мойындау және процессуалдық келісімге" тек тергеу амалдары жүріп жатқанда немесе сот барысында келуге болатынын айтып, Құшақбаевтың өтінішін қарауға қарсы болған.

OCC кәсіпорны жұмысшылары кәсіподағының еңбек инспекторы, 34 жастағы Нұрбек Құшақбаев қылмыстық кодекстің 402-бабы, 2-бөлігі ("заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға арандату»") бойынша айыпты деп танылған. 2017 жылы 7 сәуірде Астана қаласының Алматы аудандық 2-соты оны екі жарым жылға соттаған.

ВИДЕО: Нұрбек Құшақбаевтың апелляциялық шағымын қарау соты (30.05.2017)

Құшақбаевтың адвокаттары оны сотқа шақыртуды сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

XS
SM
MD
LG