Accessibility links

Манилада казиноға шабуыл жасаған адам өз-өзіне қол салды


Кепілге алынғандарды босату бойынша жаттығуға қатысып жатқан Манила полициясы, Филиппин (Көрнекі сурет).
Кепілге алынғандарды босату бойынша жаттығуға қатысып жатқан Манила полициясы, Филиппин (Көрнекі сурет).

Филиппин астанасы Манилада казиноға басып кіріп, атыс жасаған белгісіз ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Полицияның мәліметінше, ер адам Resorts World казиносын тонамақ болған және оқиғаның терроризмге қатысы жоқ. Полиция басшысы жергілікті радиоға атыс жасаған адам казинода полициямен бірнеше сағаттық егес кезінде жалғыз өзі әрекет еткенін және басқа адамдарға оқ атпағанын хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, ол казиноның ақшасын тонамақ болған. 2 маусым күні таңертең шабуыл жасаған адамның өлі денесі казино қонақүйіндегі бөлмелердің бірінен табылды. Полиция оның үстіне бензин құйып, өз-өзін өртегенін айтады. Шабуылдаушының полициямен атысы кезінде кем дегенде 30 адам жараланды, олардың кейбірі кешеннен сытылып шықпақ болғанда ауыр жараланған.

XS
SM
MD
LG