Accessibility links

Навальный 12 маусымда шеруді Сахаров алаңында өткізуге келіспеді


Алексей Навальный, Ресей оппозициялық саясаткері.
Алексей Навальный, Ресей оппозициялық саясаткері.

Мәскеуде 12 маусымдағы коррупцияға қарсы акцияларды ұйымдастырушылар қала мэриясының шеруді Сахаров алаңында өткізу туралы ұсынысымен келіспеді. Бұл туралы оппозициялық саясаткер Алексае Навальный Youtube-тегі "Навальный.LIVE" каналында айтты.

Саясаткердің сөзінше, акцияны ұйымдастырушылар мэрияға өздеріне шеру өткізуге көбірек орын беруді сұрап өтініш жолдаған. Олардың пікірінше, Сахаров алаңы "қауіпсіз" емес. Навальный Тверский көшесінде акция өткізуге рұқсат беруден бас тартуды "арсыздық" деп атады.

Мәскеудегі акцияны ұйымдастырушылар Тверский көшесінен Охотный ряд көшесіне дейін шеру жасап өтуді жоспарлаған еді. Мэрия мұның орнына акцияны Перерва көшесіне немесе академик Сахаров даңғылында өткізуді ұсынған. Өтініште шеруге 15 мың адам қатысады деп көрсетілген. 12 маусым - Ресей күні Ресейдің көптеген қаласында митингілер өткізу жоспарланған.

Алексей Навальный 2018 жылы өтетін Ресей президенті сайлауына түспек ойы барын мәлімдеген. Оны президенттікке ұсынуды 470 мыңнан астам адам қолдаған.

Навальный 26 наурызда Ресейдің ондаған қаласында өткен, жастар қолдаған коррупцияға қарсы акцияларды ұйымдастырушылардың бірі болды.

XS
SM
MD
LG