"Союз МС-03" ғарыш кемесінің халықаралық экипажы жұма күні Қазақстан территориясына сәтті қонды деп хабарлайды Ресей ғарыш агенттігінің ұшуларды бақылау орталығы.
Ресейлік ғарышкер Олег Новицкий мен француз астронавты Том Песке ғарыш аппаратымен маусымның 2-і күні Астана уақытымен сағат 20:10 шамасында Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 жерге қонған. «Экипаж мүшелері өздерін жақсы сезінеді» деп хабарлады ұшуларды бақылау орталығы.
Новицкий мен Песке ғарыш халықаралық ғарыш станциясында 197 тәулік болған. Олар 2016 жылғы қарашаның 17-і күні Байқоңырдан америкалық астронавт Пегги Уитсонмен бірге ғарышқа ұшқан. Уитсон халықаралық ғарыш станциясында тағы үш айға қалған. Онымен бірге ғарыш станциясында қазір ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин мен АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) астронавты Джек Фишер жұмыс істеп жатыр.