Accessibility links

Иранда жарылыстан ондаған адам зардап шеккен


Шираз қаласындағы тарихи саябақтардың бірі. (Көрнекі сурет.)

Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласындағы сауда орталығында бүгін түнде жарылыс болған. Жергілікті ақпарат құралдары жариялаған алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 30-дан аса адам зардап шеккен.

IRNA агенттігі жарылыс қаланың іскерлік бөлігіндегі сауда орталығының бірінші қабатында болғаны туралы хабарлады. Жарылыс салдарынан дүкен қабырғасы қирап, өрт шыққан, сауда орталығына көрші ғимараттар да бүлінген.

Жарылыстың себептері әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG