Accessibility links

Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров ұсталған. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Шенеунік «шетелдік жұмысшылардың ел аумағында қалу мерзімін ұзарту үшін жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдерінен пара алған» деген күдікпен ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеме пара мөлшері 350 мың теңге (бір мың АҚШ доллары) деген дерек келтірген. Күдіктінің «кінәсін мойындағаны» туралы хабарланды.

Аманжол Алдажаров Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне өткен жылғы желтоқсан айының басында тағайындалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG