Accessibility links

Кабулда жарылыстардан 12 адам қаза тапқан


Ауғанстан полициясы үкіметке қарсы шеруді таратып жатыр. Кабул, 2 маусым 2017 жыл.
Ауғанстан полициясы үкіметке қарсы шеруді таратып жатыр. Кабул, 2 маусым 2017 жыл.

Ауғанстан астанасындағы зиратта болған үш жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, отызға жуық кісі жараланды деп хабарлайды Reuters.

Зираттағы жарылыстар Кабулда жұма күні қақтығыстар кезінде мерт болғандардың бірін жерлеу кезінде жасалған. Маусымның 2-і күні үкіметті сынап, биліктен елде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және министрлерді отставкаға жіберуді талап етіп шеруге шыққандарға полиция оқ атқан. Салдарынан шеруге қатысушы бес адам өлген.

Мамырдың 31-і күні Кабулдағы Германия елшілігі жанында жанкешті автокөлікті жарып, 80-нен астам адам қаза тапқан, 300-ден аса адам жараланған. Кейін бұл шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG