Accessibility links

АҚШ әзербайжандық журналистің жағдайына алаңдаушылық білдірді


Әзербайжандық журналист Әфқан Мухтарлиді сотқа апара жатыр. Баку, 31 мамыр 2017 жыл.
Әзербайжандық журналист Әфқан Мухтарлиді сотқа апара жатыр. Баку, 31 мамыр 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Грузия астанасы Тбилисиден ұрлап әкетіліп, мамырдың 30-ы күні Әзербайжанда тұтқындалған әзербайжандық журналист Әфқан Мухтарлидің жағдайында алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің өкілі Хизер Нойерттің мәлімдемесі мекеменің ресми сайтында маусымның 3-і күні жарияланған. Сонымен бірге Вашингтон «Әзербайжан халық майданы» партиясы төрағасының орынбасары Гөзәл Байрамлидің тұтқындалуына байланысты алаңдайтынын мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт Әзербажан үкіметін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшесі ретінде алған міндеттемелеріне сәйкес, елде өздерінің заңды құқықтарын жүзеге асырмақ болғаны үшін сотталып, қамауда отырған тұтқындардың барлығын босатуға шақырған.

Сонымен бірге АҚШ мемлекеттік департаменті журналист Мухтарлидің ұрланғаны туралы ақпаратқа байланысты Грузия билігінің іс-әрекетін назарда ұстап отырғанын айтып, бұл оқиғаға қатысты «жан-жақты, ашық және дер кезінде» тексеру жүргізуге шақырған.

Журналисттік зерттеулерімен танымал Әфқан Мухтарли мамырдың 29-ы күні кешке Тбилисиде жоғалып кеткен. Кейін Әзербайжанға жеткізілген журналисті тұқынду туралы сот шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG