Accessibility links

Миллиардер Майкл Блумберг климатты қорғау коалициясын құрмақ


Майкл Блумберг ғаламдық климаттың өзгеруіне арналған халықаралық жиында сөйлеп тұр. Ле Бурже, Франция, 5 желтоқсан 2015 жыл.
Майкл Блумберг ғаламдық климаттың өзгеруіне арналған халықаралық жиында сөйлеп тұр. Ле Бурже, Франция, 5 желтоқсан 2015 жыл.

Америкалық миллиардер әрі филантроп, Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі Майкл Блумберг АҚШ-тың ғаламдық климат жөніндегі Париж келісімінен шықпауын қолдайтындар коалициясын құруға кірісті. Жаңа коалицияға АҚШ-тың 30 қаласы, үш штаты, 80-нен астам универститет профессорларлы және жүзден аса компания енуге тілек білдірген. Коалиция мүшелері климат жөніндегі Париж келісімі бойынша АҚШ-қа белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарын БҰҰ-на ұсынуға ниет білдіріп отыр.

2015 жылы Парижде 194 мемлекет қол қойған ғаламдық климат жөніндегі халықаралық келісім ауаға паринк газдарын шығаруды азайтып, ғаламдық температураның жоғарылуына қарсы іс-қимылдар жасауды көздейді. Блумбергтің бастамасымен жаңадан құрылған коалиция АҚШ-тың Париж келісімін орындауы үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасайтыны туралы мәлімдеген. Париж келісімі бойынша, АҚШ 2025 жылға қарай атмосфераға шығаратын парник газы мөлшерін 26 пайызға дейін азайтуға міндеттеме алған.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың Париж келісімінен шығу туралы мәлімдемесін одақтастары мен бәсекелестері сынап, оның келісімді қайта жасау туралы ұсынысын шетке ысырған.

Майкл Блумберг қазір БҰҰ бас хатшысының климат өзгеруі бойынша арнайы елшісі қызметін атқарады. Маусымның 2-і күні Блумбергтің қайырымдылық қоры алдағы екі жылдың ішінде БҰҰ-ның климатты қорғау жөніндегі шекті конвенциясын орындауға шамамен 15 миллион доллар бөлетіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG