Ресейдің Тверь облысы Конаков ауданы Редкино кентіндегі саяжай копперативінде сенбі күні тоғыз адам оққа ұшқан. Ресей тергеу комитеті бұл оқиғаға күдікті ретінде 45 жастағы ер адам ұсталып, тергеу амалдары басталғаны туралы хабарлаған.
Ресми ақпаратта отбасында мереке кезінде шыққан кикілжіңнің соңында қару қолданылып, алты ер адам мен үш әйелдің сол жерде қаза болғаны айтылған. Оқиға куәгерлерінің бірі үйге жасырынып, полицияға хабарлаған.
Тергеу комитеті алдын ала болжам бойынша, өзгелермен жанжалдасып қалған саяжай иелерінің бірі үйден қару алып шығып, сөзге келген адамдарды және оқиғаға куә болғандарды атып тастаған. Күдікті ұсталған кезде мас күйде болған деп хабарланды.