Accessibility links

Хаменеи Сауд Арабиясы мен АҚШ-ты сынады


Аятолла Әли Хаменеи үндеу жасап тұр. Тегеран, 4 маусым 2017 жыл.
Аятолла Әли Хаменеи үндеу жасап тұр. Тегеран, 4 маусым 2017 жыл.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясын олардың Тегеранға қарсы альянс құрғаны үшін сынады. Мамырда Хассан Роухани екінші мерзімге Иран президенті болып сайланғаннан бірнеше күннен соң Эр-Риядқа барған Трамп Иранды Таяу Шығыста жаулық пен терроризмді тұтатып отыр деп айыптаған. Ол сонымен қатар Иранды халықаралық оқшаулауға да шақырған.

"АҚШ президенті трайбализмге құрылған, артта қалған жүйенің басшысымен бірге жүреді, бірақ 40 миллион адам қатысқан Ирандағы сайлауды сынайды" деді теледидарда сөйлеген Хаменеи. "Саудиялықтар Америкаға тіпті бірнеше миллиард доллар пара беріп тұрып, аймақтағы мақсатына қол жеткізе алмайды" деді Хаменеи Вашингтон мен Эр-Рияд арасында 110 миллиард долларға қару-жарақ сатып алу туралы жасалған келісімді меңзеп.

27 наурызда Хаменеи Сауд Арабиясы басшыларын "нақұрыс" деп атап, олардың АҚШ-пен одақтастығынан "түк шықпайды" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG