Accessibility links

Ташкентте жүздеген адам студенттің өлімін тергеуді талап етті


Ташкентте студент Жасур Ибрагимовтің өлімін тергеуді талап етіп жиналған жұрт. Өзбекстан, 4 маусым 2017 жыл.
Ташкентте студент Жасур Ибрагимовтің өлімін тергеуді талап етіп жиналған жұрт. Өзбекстан, 4 маусым 2017 жыл.

Ташкентте "Дустлик" саябағында жүздеген адам 17 жастағы студент Жасур Ибрагимовтің өлімін тергеуді талап етіп, наразылық танытты. Марқұм мамыр айының басында медициналық колледждің жанында соққыға жығылған. Оқиғадан кейін Жасурға бес рет операция жасалғанымен, 1 маусымда қаза тапқан. Ташкенттің ішкі істер басқармасы бірнеше күдіктіге қарсы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Өзбекстандық БАҚ-тың наразылық марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға қатысты ешкім жауапқа тартылмай жатқаны жайлы мәлімдеп, үндеу жасаған соң күшейген.

Gazeta.uz интернет басылымының хабарлауынша, Ташкентте студенттің өлімін ашық тергеуді талап еткендер президент Шавкат Мирзияевтің атына ашық хат жазды, оған 400-ден астам адам қол қойды. Ташкент ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Дониёр Ташходжаев акцияға шыққандармен кездесті.

4 маусымда акция болатын жөнінде әлеуметтік желілерде хабарланды. Ақпаратты кемінде 13 мың қолданушы бөліскен.

XS
SM
MD
LG