Accessibility links

Бішкекте Текебаевтың соты басталды


Омурбек Текебаев сотта тұр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.
Омурбек Текебаев сотта тұр. Бішкек, 5 маусым 2017 жыл.

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында оппозициялық "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаевтың және төтенше жағдайлар жөніндгі бұрынғы министр Дуйшенкул Чотоновтың ісі бойынша сот басталды. Сот ашық түрде өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Текебаев сотта "күреске дайын" екенін мәлімдеді. Саясаткер "тіпті сотта жеңілген күннің өзінде тарихи күресте жеңіскер болып қалатынын" айтты. Текебаев пен Чотонов соттың қырғыз тілінде өтуін талап етіп, процеске айыптаушы тараптың барлық куәгерін қатыстыруды сұрады.

- Үш ай бойы бізді коррупционер деп атағандардың барлығы бүгін көпшілікті алдына шығып сөйлесін, - деді Чотонов.

Сот процесті қырғыз тілінде өткізу тілегін қабыл алды.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновты ресейлік бизнесмен Леонид Маевскийдің шағымы бойынша коррупциялық қылмыс жасады деп айыптайды. Маевский 2010 жылы Текебаевқа "Мегаком" телекоммуникациялық компаниясының акцияларын "сатып алуға жәрдемдескені үшін" бір миллион доллар бергенін айтады.

"Ата Мекен" партиясы Текебаевқа қарсы істің саяси астары бар деп біледі. Партия Текебаевты биыл күзге белгіленген президент сайлауына кандидат етіп ұсынған.

XS
SM
MD
LG