Accessibility links

"Міндетінен тыс жұмысқа жегілген" мұғалім татуласудан бас тартты


Гүлжан Сәлімбаева, Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының мұғалімі. Шымкент, 5 маусым 2017 жыл.
Гүлжан Сәлімбаева, Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының мұғалімі. Шымкент, 5 маусым 2017 жыл.

Шымкенттегі Нұртас Оңдасынов атындағы №38-мектептің қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімі, "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, қысым көргенін" айтқан Гүлжан Сәлімбаева мектеп директоры Айман Жүсіповамен татуласудан бас тартты.

Шымкенттегі бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары ұйымдастырған жиынға ондаған адам қатысты. Әуелі міндетінен тыс жұмысқа тартылып, қысым көргенін, кесірінен денсаулығына зиян келгенін бұған дейін мәлімдеген Гүлжан Сәлімбаеваға сөз берілді. Содан кейін мектеп директоры Айман Жүсіпова сөз алды.

Болған оқиғаны тыңдаған қоғамдық бірлестіктің төрағалары дауды осы жерден тоқтатып, екі жақты қол алысып татуласуға шақырды.

Гүлжан Сәлімбаева татуласуға қарсы емесін, бірақ мектеп директорынан бұдан кейін қысым көрсетпеуі туралы қолхат жазып беріп, кешірім сұрауын сұрады. Мектеп директоры Айман Жүсіпова қолхат жазып беруден бас тартты.

Бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары директордың қысым көрсетпеуіне кепіл болатынын айтса да, Гүлжан Сәлімбаева татуласу, татуласпау өз құқығы екенін айтып, қолхат болмаса татуласа алмайтынын айтты.

- Менің ертеңгі күніме ешкім кепілдік бере алмайды. Татуласу я татуласпау - менің құқығым. Сотта мен жеңілейін, шындықтың бар екеніне сенемін, - деді Гүлжан Сәлімбаева Азаттыққа.

Гүлжан Сәлімбаева бұдан бұрын мектеп басшылығы міндетінен тыс жұмысқа салғанын, қысым көрсетіп, денсаулығына зиян келгенін, 17күн ауруханада ем қабылдағанын айтып шағымданған болатын.

ВИДЕО: Мұғалім Гүлжан Сәлімбаеваның "тепкі көргені" туралы сөзі

Мұғалім Гүлжан Сәлімбаеваның "тепкі" туралы сөзі
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:54 0:00

XS
SM
MD
LG