Accessibility links

Министр: KazSat-2 спутнигіне кибершабуылдан қауіп жоқ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың пікірінше, қазақстандық KazSat-2 байланыс спутнигінде наурыз айында болған "штаттан тыс жағдайға Күндегі Күндегі процестер мен ауыр бөлшектердің әсері себеп. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Атамқұлов бұл туралы Астана үкімет отырысында айтқан.

Ондаған байланыс және телерадио операторлары пайдаланатын KazSat-2 спутнигінің жұмысындағы "қалыптан тыс жағдай туралы билік 31 наурызда хабарлаған. 31 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 8:22-де Қазақстандағы операторларда спутниктен келетін сигнал нашарлап кеткен. Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мәліметінше, спутник жұысы сол қалпына келтірілген.

Атамқұлов кибершабуылдан спутникпен байланыс үзілуі мүмкіндігін жоққа шығарды. "Әрбір оператордың өзінің арнайы IP-адресі, арнайы логині мен паролі бар. Бақылау жүйесі интернетпен байланысты емес және оған кіру үшін әрбір оператор әрбір қимылында арнайы логинін қолдануы керек. Спутникті құрастырған кезде өндірушілеріміз осындай қорғаныс жасап қойған. Спутник интернетке жалғанбағандықтан кибершабуылдар басқару жүйесіне ықпал ете алмайды" деді Атамқұлов.

Ресейде жасалған "KazSat-2" спутнигі 2011 жылы жазда Байқоңырдан ұшырылған. KazSat-2 спутнигінде штаттан тыс жағдай осымен екінші рет болып отыр. Алғашқы штаттан тыс жағдай 2015 жылы 1 шілдеде болған.

Қазақстанның 2006 жылы маусымда ұшырған алғашқы "KazSat-1" спутнигі де Ресейде 65 миллион АҚШ долларына жасалған. Бұл спутник 2008 жылы маусымда істен шығып, кейін орбитаға жіберілген.

Қазақстанның үшінші спутнигі "KazSat-3" спутнигі 2014 жылдың 28 сәуірінде ұшырылған. 2014 жылдың желтоқсанында оның іске қосылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG