Accessibility links

Министрлік: Енді халық санын электронды түрде бақылаймыз


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда халық санының өзгерісін электронды түрде бақылайтын жүйе іске қосылады деп хабарлады үкіметте өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Дәленов жиында халық санағы он жылда бір өткізілетінін, бірақ халық санына байланысты мәліметтер тұрақты жиналып отыратынын айтты.

"Қанша бала туды, қанша адам келді, қаншасы кетті деген сияқты мәліметтерді аламыз. Келесі айдан бастап онлайн есептеуішті іске қосамыз, оның көмегі арқылы халық санының өзгерісін бақылап отыра аламыз" деді Дәленов.

Министрлік мәліметіне қарағанда, 2017 жылдың 1 мамырында Қазақстандағы халық саны 17 миллион 994 мыңды құраған. Бір жылдағы халық санының өсімі 241 мың адам болған.

XS
SM
MD
LG