Accessibility links

Мәскеуде украин әдебиеті кітапханасының экс-директоры сотталды


Украин әдебиеті кітапханасының бұрынғы директоры Наталья Шарина сотта отыр. Мәскеу, 5 маусым 2017 жыл.

Мәскеудің Мещанский аудандық соты украин әдебиеті кітапханасының бұрынғы директоры Наталья Шаринаны экстремистік қылмыс жасады және қаржыны талан-таражға салды деп айыптап, төрт жылға шартты мерзімге соттады.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Шаринаны бес жыл мерзімге шартты түрде соттауды сұраған. Үкім 1 маусымда оқылуы тиіс болған еді, бірақ аяқ астынан бірнеше күнге шегерілген.

Шарина 2015 жылы қазанда ұсталып, "этникалық жек көру тудырды" және "экстремистік қызметпен айналысты" деп айыпталған. Бұған Наталья Шарина басқаратын кітапханадан Ресейде тыйым салынған украин ультраұлтшылы Дмитро Корчинскийдің кітаптарының табылуы" себеп болған.

Наталья Шарина ұсталған соң үйқамаққа алынған. Былтыр сәуірде оған "кітапхананың қаржысын мақсатсыз жұмсады" деген тағы бір айып тағылған. Тергеушілердің мәлімдеуінше, 2013 жылы Шарина өзіне қатысты экстремизммен байланысты өзге іс бойынша процесте адвокат қызметіне қаржыны кітапхана есебінен төлеген. Ол кезде Шарина ақталып шыққан. Оның адвокаты кітапханашыға қарсы жаңа қылмыстық істің бұрынғы іс сәтсіз шыққан соң "қолдан жасалғанын" мәлімдеді.

Наталья Шарина өзіне тағылған айыпты мойындамайды және "істің саяси астары бар" дейді. Ол бұған дейін тергеушілер 2015 жылы күзде кітапханаға "астыртын бума кітап әкеліп", кейін оны тінту кезінде алып шыққан болуы мүмкін деп ойлайтынын мәлімдеген. "Ол кітаптарда библиотека мөрі болған жоқ" деген Шарина,

2017 жылы наурызда Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Шаринаның өзін үйқамақта ұстауына берген шағымын тіркеген. "Мемориал" құқық қорғау ұйымы оны саяси тұтқын деп таныған. Құқық қорғаушылардың пікірінше, қылмыстық іс антиукраиндық кампания аясында қозғалған.

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

XS
SM
MD
LG