Accessibility links

Әкімдік: Қарағанды облысында малдан пастереллез шыққан болуы мүмкін


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысының басшылығы Нұра ауданының Мыңбаев ауылында ірі қара малдың пастереллезбен ауырған болуы мүмкін екенін хабарлады. Қазір Қарағандыдағы ветеринарлық зертхана ауырған малдардың қан сынамасын тексеріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, пастереллезбен 22 бас ірі қара мал ауырған.

"Мыңбаев ауылында ветеринарлық қызмет үй-үйді аралап, мал қораларды санитарлық тазалау жүргізіп жатыр. Ауырған малдарды бөлек шығарды. Жағдай облыс пен ауданның ветеринарлық қызметтерінің бақылауында" деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігі.

Қолдағы ірі қара малдардың күйінің нашарлай бастағаны бірнеше күн бұрын байқалған. Әкімдіктің хабарлауынша, басқа ұсақ мал мен жылқы, шошқа мұндай ауруға шалдықпаған. Жергілікті билік ауырған малдардың "дәрі-дәрмекпен емделетінін" айтады.

XS
SM
MD
LG