Accessibility links

Лондондағы шабуылға күдіктілердің екеуінің аты-жөні аталды


Лондон полициясы қаладағы көпірде шабуыл жасаған деген күдіктілер Хурам Батт (сол жақта) пен Рашид Редван.
Лондон полициясы қаладағы көпірде шабуыл жасаған деген күдіктілер Хурам Батт (сол жақта) пен Рашид Редван.

Британ полициясы Лондонда 3 маусымда болған терактіге күдікті үш адамның екеуінің аты-жөнін жариялады.

Күдіктілердің бірі - 27 жастағы Хурам Батт Ұлыбританияның пәкістантекті азаматы болған. Ол Лондонның шығысындағы Баркинг ауданында тұрған, әйелі мен екі баласы бар. Батт бұған дейін полиция мен арнайы қызметке белгілі болған. Полицияның мәлімдемесінде "бірақ мұндай шабуыл жасау жоспарланып жатқаны туралы ақпарат болған жоқ" делінген.

Күдікті екінші адам - 30 жастағы Рашид Редван. Ливия мен Марокко азаматы болған ол бұрын полицияның көзіне түспеген.

Полиция үшінші күдіктінің кім екенін анықтап жатыр. Күдіктілер 3 маусым күні кешке Лондон көпірінде көлікпен жаяу жүргіншілерді басып өтіп, кейін сол маңға жақын екі мейрамхана жанында жұртқа пышақпен шабуылдаған. Арада бірнеше минут өткен соң полиция үшеуін де атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG