Accessibility links

Черногория НАТО-ға ресми түрде қосылды

Черногория сыртқы істер министрі Срджан Джаманович пен АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Том Шэннон Черногорияның НАТО-ға қосылғаны туралы құжатты көрсетіп тұр. Вашингтон, 5 маусым 2017 жыл.

Черногория НАТО құрмына 29-мемлекет болып ресми түрде қосылды. Вашинтонда өткен салтанатты шарада Черногория премьер-министрі Душко Маркович НАТО-ға қосылғаны туралы акт тапсырып, "Черногорияның альянсқа мүше болуы енді біздің тағдырымызды бұрынғыдай ешкім ешқашан сыртымыздан шеше алмайтынын білдіреді" деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Том Шэннон Черногорияның "одақтасты еркін таңдау құқығы туралы ұйымдасқан халықаралық қысымға қарамастан" ашық білдіргенін айтты.

Черногория бұған дейін Ресеймен жақын ынтымақтастық орнатқан еді және оның НАТО-ға қосылу туралы шешімі Мәскеуге ұнамаған.

Черногория туы НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде 7 маусымда көтеріледі.

XS
SM
MD
LG