Accessibility links

АҚШ-тың Қытайдағы елшісі міндетін атқарушы қызметінен кетті


АҚШ пен Қытай тулары (Көрнекі сурет).
АҚШ пен Қытай тулары (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Қытайдағы елшісі міндетін атқарушы Дэвид Рэнк Вашингтонның климат жөніндегі Париж келісімінен шығу шешіміне наразылық ретінде қызметінен кетті. Дипломат Пекиндегі елшілік қызметкерлеріне Қытай үкіметіне АҚШ-тың келісімнен шығатынын ресми түрде хабардар еткеннен гөрі отставкаға кетіп, зейнетке шығатынын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Анна Ричи-Аллен "Дэвид Рэнк дипломатиялық қызметтен кетеді. Ол Рэнктің өз шешімі. Біз оның мемлекеттік департаментте қызмет еткен жылдарын бағалаймыз. Біз Қытай сыртқы істер министрлігін елші міндетін Джонатан Фриц атқаратынын ескерттік" деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдағы елші қызметіне ұсынған адамы, Айова штатының губернаторы Терри Бранстад қызметіне осы айда кірісуі тиіс. АҚШ билігінің жоғары шенді өкілі Reuters агенттігіне Рэнк зейнетке кету ниеті барын мәлімдеген соң мемлекеттік департамент одан қызметінен дереу кетуді талап еткенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG