Accessibility links

Тиллерсон араб елдерін бірлікке шақырды


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Катармен дипломатиялық байланысын үзген Парсы шығанағындағы араб елдерін бірлікке шақырды. Тиллерсон бірқатар араб елдерінің бұл қадамын "күтпеген жағдай" деп бағалады.

Оның пікірінше, тараптар келіссөздер үстелінде бас қосып, келіспейтін мәселелерді бірлесе шешуі керек. Мемлекеттік хатшы қажет болған жағдайда, көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Бахрейн, Египет, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Катармен дипломатиялық байланыстарын үзгендерін мәлімдеді. Кейінірек Йеменнің ресми билігі, халықаралық қауымдастық таныған Ливияның уақытша үкіметі және Мальдив Республикасы осындай шешім қабылдады.

Бұл елдер Катармен байланыстың кез келген түрінен бас тартты. Олар Доханы "Ислам мемлекеті" мен "Әл Қаида" экстремистік ұйымдарына қолдау білдірді деп айыптап отыр.

Катар билігі дипломатиялық байланысты үзу туралы шешім "негізсіз тұжырымдар" негізінде қабылданған және "орынсыз әрекет" деп есептейді.

XS
SM
MD
LG