Accessibility links

Ғани: Кабулдағы шабуылдан 150-ден астам адам құрбан болды


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулде өтіп жатқан халықаралық бейбітшілік конференциясында отыр. 6 маусым 2017 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулде өтіп жатқан халықаралық бейбітшілік конференциясында отыр. 6 маусым 2017 жыл.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани 31 мамырда Кабулдың орталығында жүк көлігіне орнатылған бомбаның жарылуынан қаза тапқандар саны 150-ден асқанын мәлімдеді.

"150-ден астам бейкүнә ауған ұлдары мен қыздары қаза тауып, 300-ден астамы жараланып ауруханаға түсті" деді Ғани 6 маусымда Кабулде өтіп жатқан халықаралық бейбітшілік конференциясында.

Ауғанстан билігі бұған дейін 31 мамырда таңертең Кабулдың орталығындағы дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданда болған жойқын жарылыстан кем дегенде 90 адам қаза тауып, 350-ден астам адам жараланғанын хабарлаған еді.

Ашраф Ғани жүк көлігін қорғанысы күшті аумаққа кіреберісте тоқтатып, жарылыста қаза тапты делінген 13 полиция қызметкерін жоғары құрметтейтінін білдірді.

Жарылыс жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG