Accessibility links

Кувейт пен АҚШ Катар мен араб елдерінің дауын реттемекке ниетті


шейх Мохаммед бин Абдул Рахман әл-Тани, Катар сыртқы істер министрі.
шейх Мохаммед бин Абдул Рахман әл-Тани, Катар сыртқы істер министрі.

АҚШ пен Кувейт Катар мен бірқатар араб елдері арасында Доханы "экстремизмді қолдап отыр" деген айыпқа байланысты шыққан дипломатиялық жанжалды реттеуге араағайын болмаққа талпынып жатыр.

Катар сыртқы істер министрі шейх Мохаммед бин Абдул Рахман әл-Тани Кувейттің Катар мен араб елдері арасындағы дауды реттеу әрекеттерін жасап жатқанын мәлімдеді. "Әл-Жазира" телеарнасынан сөйлеген Катар министрі Доханың жанжалды шиеленістіруден тартынып отырғанын айтты.

5 маусымда Бахрейн, Египет, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Катарды Иран мен аймақта Тегеран қолдайтын шиит көтерілісшіл топтарына қолдау көрсетеді деп айыптап, бұл елмен дипломатиялық байланыстарын үзгендерін мәлімдеген. Кейінірек Йемен, Ливияның халықаралық қауымдастық таныған уақытша үкіметі және Мальдив Республикасы осындай шешім қабылдады. Аталған елдер Катармен құрлықта, әуеде, теңізде қарым-қатынас жасауды және сауданы тоқтатқан.

Катар сыртқы істер министрі туындап келе жатқан дағдарысты шеші үшін "ашық және әділ диалог өткізуге" шақырып, Доха бұл егестің АҚШ-пен қарым-қатынасқа кері әсер етуіне жол бермейтінін мәлімдеді. Парсы шығанағындағы орналасқан шағын ғана мемлекет Катарда АҚШ-тың ірі әскери базасы орналасқан.

Катар билігі дипломатиялық байланысты үзу туралы шешім "негізсіз тұжырымдар" негізінде қабылданған және "орынсыз әрекет" деп есептейді.

АҚШ билігінің өкілдері бұған дейін тараптар арасындағы шиеленістің бәсеңдету жағын қарастыратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG