Accessibility links

"Қадыр-Қасиет" ұйымын тексеру нәтижесінде заң бұзушылық анықталмады


Анар Ибраева, "Қадыр-Қасиет" ұйымының жетекшісі.
Анар Ибраева, "Қадыр-Қасиет" ұйымының жетекшісі.

Астанадағы "Қадыр-Қасиет" құқық қорғау ұйымында тоғыз айға созылған салықтық тексеру аяқталды. Бұл туралы Азаттыққа ұйым жетекшісі Анар Ибраева хабарлады. Ол 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бері жүргізілген тексерістің құжаттарын да көрсетті. Ибраеваның сөзінше, ұйым 2010 жылы 1 қыркүйекте тіркелген және ұйымының дұрыс жұмыс істеп жатқанын тексергенін өзі қалаған.

- Тексеріс сол кезде 10 жаста болған менің қызыма қылмыстық іс бойынша тергеуге шақыру тапсырылғаннан басталды. Сосын мен шағымданып, адвокат жалдадым, бірақ кейін оның салықтық тексеріс екені белгілі болды. Нәтижесінде үздік-создық тоғыз ай тексеріс болды. Ешқандай заң бұзушылық таппады, - деді Анар Ибраева.

Ол салық органынан тексеру жүргізгендер ұйым тізіміне енгізілмеген, Қазақстан үкіметі грант берушілер деп таныған америкалық донорлардың гранттарына қызығушылық танытқанын айтады. Мұндай донорлардың қатарында NED (Демократияны қолдау ұлттық қоры) бар. Бірақ Ибраеваның айтуынша, бұл ұйым АҚШ пен Қазақстан арасындағы келісім бойынша салық жеңілдіктерін пайдаланады.

- Бізге семинар мен іс-шараларға қатысатын адамдарды қалай таңдайсыздар, грантқа өтініш беру идеясы қайдан келеді, не себепті осы грант берушілерге өтініш бересіздер, қалай есеп бересіздер, апсырған есептеріңіздің формасы қайда деген сұрақтар қойды. Жалпы, бұл ақпараттар салық қызметінің жұмысына жатпайды, снода да болса біз ол туралы айтып бердік. Себебі біз ашық, құқықтық шеңберде жұмыс істейміз, - деді Анар Ибраева.

Биыл қаңтарда Алматыдағы үкіметтік емес екі ұйым - "Либерти" мен "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымдарына салықтық тексеруден соң миллиондаған айыппұл салынған. Шетел гранттары есебінен жұмыс істейтін құқық қорғаушыларды жиыны 3,8 миллион теңге корпоративті табыс салығын төлеуге міндеттеген. Айыппұл салынған құқық қорғаушылар онымен келіспей, айыппұлды "ұйымды жоюға берілген саяси тапсырма" деп атаған. Құқық қорғаушылар содан бері айыппұлға сотқа шағымданып жүргенімен, әзірге оң нәтиже шықпай отыр.

"Либерти" және "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымдары мен астаналық "Қадыр-Қасиет" ұйымдарын Астана тұрғыны шағымы негізінде тексерген. Ол қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетіне жолдаған шағымында Nur.kz сайтынан "Қазақстандағы белсенділерді даярлауға шетелдік қорлар қанша ақша жұмсайды" деген мақаланы оқып, жоғарыда аталған ҮЕҰ-лардың жұмысы "қоғамның ең басты құндылығы – тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған шығар" деген болжам жасаған. Ол әлгі ұйымдардың қызметін, қандай салық төлейтінін және кімге есеп беретінін тексеруді сұраған.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы ҮЕҰ-ларды салықтық тексерулерді қысым жасау деп бағалаған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG