Accessibility links

АҚШ Сирияда үкіметшіл күштерге әуеден соққы берді


Сирияның солтүстігіндегі Маскана қаласын исламшыл содырлардан аза еткен үкіметшіл күштер жасақтары. 5 маусым 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Сирияның солтүстігіндегі Маскана қаласын исламшыл содырлардан аза еткен үкіметшіл күштер жасақтары. 5 маусым 2017 жыл (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған шетелдік коалиция Пентагон "Сирия үкіметі қолдайды" дейтін әскерге әуеден соққы берді. АҚШ әскери қолбасшылығының хабарлауынша, операция Башар Асадқа жақтас күштер Сирияның оңтүстігіндегі шетелдік коалиция базасы орналасқан ауданға кірген кезде жүргізілген. Асадты қолдайтын күштер құрамында танк, артиллерия, зениттік кешен, әскери көліктер мен 60 шақты жасақ болған.

Коалицияның мәлімдеуінше, бұл жасақтар өздеріне жасалған бірнеше ескертуді елемеген. Пентагон шабуыл жасалған әскерге нақты анықтама бермеді. Бірақ соңғы апталарда билік Танф ауданындағы территориядан кетуге бас тартып жүрген жасақтарды айтып шағымданған. Вашингтон мен оның одақтастары мұнда ИМ-мен соғысып жатқан көтерілісшілерді жаттықтырады. Өткен айда коалиция осыған ұқсас әскери жасақтарға да соққы жасаған.

XS
SM
MD
LG