Accessibility links

Бишімбаевты қамау мерзімі 10 шілдеге дейін ұзартылды


Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі.
Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі.

Қазақстанның бұрынғы экономика министрі, коррупция күдігіне іліккен Қуандық Бишімбаевты қамау мерзімі 10 шілдеге дейін ұзартылды деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Пара алды деген күдікке ілінген Бишімбаев Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр. Ол қаңтардың 10-ы күні "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактісі" бойынша ұсталған. Екі күннен соң ол Астананың Алматы аудандық сотының санкциясы бойынша қамалған.

Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметінен 2016 жылдың желтоқсанында коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" ұлттық компаниясы қатысты тергеу бастаған соң босатылған. Компания Бишімбаев 2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың мамырына дейін басқарған "Бәйтерек" холдингі құрамына кіреді.

XS
SM
MD
LG