Accessibility links

Әкім: Ақтөбе көшелеріне екі мың камера қойылады


Ілияс Испанов, Ақтөбе қаласының әкімі. 7 маусым 2017 жыл.
Ілияс Испанов, Ақтөбе қаласының әкімі. 7 маусым 2017 жыл.

Ақтөбеліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халық көп жиналатын жерлерге екі мыңға тарта камера қойылады. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Ілияс Испанов айтты.

Ілияс Испанов Ақтөбенің көшелеріне қойылатын камераларды "технологияның ең соңғы жетістіктерінің бірі" деп атады. Тәулік бойы жұмыс істейтін бұл камералар Ақтөбенің халық көп шоғырланатын жерлеріне қойыла бастаған.

- Қала әкімдігі полициямен кеңесе келе бір мың камераның орнын бекітті. Қалған камералардың қай жерлерге қойылатыны жуық арада шешіледі, -дейді Ілияс Испанов.

Бұл камералар жазып алған видео әзірше Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығы мен төтенше жағдайлар басқармасына жолданады. Ал күзге салым Ақтөбеде резервтік басқару орталығының құрылысы аяқталуы тиіс. "Қаланың бар тыныс-тіршілігі туралы ақпарат сол жерге жиналып, күнбе-күн өңделеді" дейді Испанов.

Қала әкімнің сөзіне қарағанда, мұның бәрі - 2020 жылға дейін жоспарланған "Ақылды қала" бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыстар.

XS
SM
MD
LG